ҮШ БУЫН – БІР МАҚСАТ

image.png

Балқаш ауданына қарасты Топар ауылындағы №115 сайлау учаскесіне Қошағұловтар әулетінің үлкен отбасы келіп, өз таңдауларын жасады. Қошағұловтар отбасында 10 бала өсіп-өнген. Бүгінде әулеттің үлкендерінен тараған 22 немере мен 13 шөбере бар. 

Дауыс беруге отбасының үш буын өкілдері бірге келді. Үлкендер үшін бұл – өздерінің өнегесі арқылы балалары мен немерелеріне ел болашағына әр азаматтың қатысы бар екенін көрсетудің тағы бір мүмкіндігі.

– Біздің отбасымыз үлкен болғандықтан, біз балаларымыздың, немерелеріміз бен шөберелеріміздің болашағын ерекше ойлаймыз. Қазақстанның өркендеп, елімізде бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрғанын қалаймыз. Жастарымыздың туған жерінде білім алып, еңбек етіп, бала тәрбиелеуіне барлық жағдай жасалса дейміз. Бүгін отбасымызбен бірге дауыс беруге келдік. Өйткені елдің болашағы әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты деп есептейміз, – деді Қошағұловтар отбасы.

Үш буынды бір шаңырақтың өкілдерін ортақ мақсат – елдің өркендеуі мен кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы біріктіреді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности