БЕС КӨЛІК, БІР БАҒЫТ: «СОКОЛ» СТК ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ЕРЕКШЕ КЕЛДІ

дщ.png

23 тамыз күні Іле ауданының Ақcай ауылындағы №390 сайлау учаскесінің алдына бірінен соң бірі бес автокөлік келіп тоқтады. Олардың арасында бірден көзге түсетін екі Nissan GT-R мен BMW X5 бар. Ерекше автокөліктердің сайлау учаскесіне қатар келуі көпшіліктің назарын аударды.

Бұл — «Сокол» спорттық-техникалық клубының өкілдері. Олар Құрылтай депутаттарын сайлау күні бес автокөлікпен бірге келіп, дауыс беруге қатысты.

Қуатты қозғалтқышы мен ерекше дизайны арқылы автоспорт әуесқойларына жақсы таныс Nissan GT-R көліктерін әдетте автошаралар мен жарыс жолдарынан көруге болады. Бұл жолы темір тұлпарлар №390 сайлау учаскесінің алдында бой көрсетті.

Клуб өкілдері көліктерін тұраққа қалдырып, сайлау учаскесіне кіріп, белгіленген тәртіппен дауыс берді.

Осылайша, Ақcай ауылындағы №390 сайлау учаскесіне бес автокөліктің қатар келуі Құрылтай сайлауы күнінің ерекше кадрларының біріне айналды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности