Құрылтай: Қонаевта 40-қа жуық байкер мотошеру ұйымдастырды

;h.png

Қонаевта Құрылтай сайлауы ерекше форматта өтіп жатыр. Қаланың орталық көшелерімен 40-қа жуық мотоциклден 

құралған колонна жүріп өтіп, тұрғындарға нағыз мотошоу сыйлады.

Құлақты қаққан мотор үні, сап түзеген темір тұлпарлар, желмен желбіреген Қазақстанның Мемлекеттік туы мен 

«Құрылтай» жазуы бар жалаулар – қала көшелеріндегі осы көрініс көпшіліктің назарын бірден аударды.

Мотошеруге «Тұлпар» ретрокөліктер салонының иегері, кәсіпкер Мұрат Сергібаев пен қала тұрғындары қатысты.

Алайда бұл шеру тек шоу үшін ұйымдастырылған жоқ. Байкерлердің басты мақсаты – ел өміріндегі маңызды 

қоғамдық-саяси оқиғаға өзіндік форматта үн қосу. Мотошеруден кейін қатысушылар сайлау учаскесіне барып, 

Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

«Бүгінгі күнді ерекше өткізгіміз келді. Біз үшін мотоцикл – жай ғана көлік емес, ортақ қызығушылық пен еркіндіктің 

символы. Ал бүгін біз осы сүйікті ісімізді азаматтық ұстанымымызбен ұштастырдық. Көк байрағымызды алып, қала

 көшелерімен бірге жүріп өттік. Ең бастысы – сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасадық», – деді Мұрат Сіргебаев.

 Естеріңізге салайық, қалада әуе шары қойылып, флайборд-шоу да өтуде.


 

Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности