ЕЛ АҒАСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

image.png

Алматы облысының және Балқаш ауданының Құрметті азаматы Тынышбай Досымбеков Миялы ауылдық округіндегі №97 сайлау учаскесіне барып, ел үшін маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.

Ел ағасы азаматтық белсенділік танытып, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырды. Ол сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік екенін атап өтті.

Тынышбай Досымбековтің сайлауға қатысуы – кейінгі буынға үлгі боларлық азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Өйткені елдің ертеңі үшін жасалған әрбір таңдау – қоғамның дамуы мен тұрақты болашағына қосылған үлес.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности