Алматы облысының спортшылары дауыс беруге желкенді қайықпен жүзіп келді

369.png

Қонаев қаласында алты спортшы жаттықтырушысымен бірге дауыс беру орнына желкенді қайықпен жетті. «Құрылтай –

 23 тамыз» деген жазуы бар желкендерді жел керіп, қайықтар Қапшағай су қоймасын кесіп өтіп, №5 қалалық жағажайға

 қарай бағыт алды.

Олардың қатарында Қонаев қаласының спортшылары Владимир Щанкин, Олег Куливацкий, Яна Белозерова, Берік

Құбаев, Антон Гаас және Милана Мамедова бар. Олар жаңартылған №5 қалалық жағажайда ашылған учаскеге барып, 

дауыс берді. Бұл – спортшылар үшін азаматтық ұстанымын білдірудің ерекше тәсілі.

«Қапшағай су қоймасы – туристер асыға ағылатын танымал аймақ. Сонымен қатар бұл – ашық суда жүзу жарыстарын

 өткізуге және желкенді спортты дамытуға қолайлы орын. Бүгін біз жағажайға желкенді қайықпен жүзіп келіп, ерекше 

тәсілмен дауыс беруді ұйғардық. Сайлаушыларға жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлағымыз келді. Бұл – 

Қазақстан үшін маңызды күн. Осындай сәтте шет қалуға болмайды», – деді Яна Белозерова.

Қонаевтағы желкенді спорттың тарихы жарты ғасырдан асады. Оның бастауы 1974 жылмен тұспа-тұс келеді.

 Содан бері жергілікті спортшылар облыс орталығы мен Қазақстанның намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда 

абыроймен қорғап келеді.

Тек биыл Қонаев спортшылары халықаралық турнирлерде 6 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. 

Ал Орталық Азия чемпионатында тағы 11 жүлдеге – 3 алтын, 1 күміс және 7 қола медальға ие болды.

Желмен жарысып, толқынмен таласқан спортшылардың әрекеті сайлау күнінің жарқын сәттерінің біріне айналды.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ОРМАНШЫЛАР ДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
  • ДВИЖЕНИЕ В БУДУЩЕЕ: ПРЕДСТАВИТЕЛИ МОТОКЛУБА «ЭНДУРО» ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ВЫБОРАХ КУРУЛТАЯ
  • БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ: «ЭНДУРО» МОТОЦИКЛШІЛЕР КЛУБЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ
  • Выборы в Курултай на бумаге: художница из Конаева запечатлела исторический день
  • Құрылтай сайлауы қағаз бетінде: Қонаев суретшісі тарихи күнді бейнеледі