Велосипедпен сайлауға жол тартты: Алматы облысында велошеру ұйымдастырылды

image.png

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Талғар ауданында 15 кәсіби велошабандоз аудан көшелерімен жүріп өтіп, шеру 

аяқталған соң сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Велошеру түрлі жастағы спортшылардың басын қосып, салауатты өмір салты мен спортты ел үшін маңызды оқиғамен

 ұштастыруға мүмкіндік берді.

«Бұл акция азаматтық ұстаным әр адам өмірінің ажырамас бөлігі екенін көрсетті. Спорт пен қоғам алдындағы

 жауапкершілік тоғысып, бірін-бірі толықтырды», – деді Алматы облысының велоспорттан аға жаттықтырушысы 

Евгений Пеляйкин.

Талғардың велоспорт мектебі Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жетекші мектептердің бірі саналады. Мұнда спорт

 резерві дайындалады. Тәрбиеленушілер жастар және ересектер құрамасына тұрақты түрде еніп, Қазақстан намысын

 түрлі деңгейдегі жарыстарда қорғап жүр.

Спортшылардың велошеруі сайлау учаскесінде аяқталды. Кейін олар учаскеге кіріп,  бюллетеньдерін алып, Құрылтай 

депутаттарының алғашқы сайлауында өз таңдауын жасады.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности