«Үш ұрпақ – бір сайлау учаскесінде»

image.png

Ұйғыр ауданы Ават ауылдық округіндегі №905 сайлау учаскесіне ерекше сайлаушылар келді. Бір отбасының үш

 ұрпағы – әжесі Аппазова Асиям, қызы Салиева Рошангүл және немересі Саюз Әлішер – бірге сайлау учаскесіне келіп,

 өз таңдауларын жасады.

Үш ұрпақ өкілдерінің бір уақытта сайлауға қатысуы сабақтастықтың, отбасылық тәрбиенің және азаматтық 

жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды. Бұл күн отбасының ең кіші мүшесі – Саюз Әлішер үшін ерекше маңызды 

әрі есте қаларлықтай болды. Себебі ол алғаш рет дауыс беруге қатысты.

Аға буын өкілдері өз үлгісі арқылы сайлауға қатысудың маңыздылығын көрсетті. Бұл отбасында ұлттық құндылықтар, 

салт-дәстүрлер мен жауапкершілік сезімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, сайлау учаскесіне

 бірге келудің символдық мәні ерекше болды.

«Бүгін Әлішер үшін дауыс берудегі алғашқы күн. Сондықтан оның жанында болғымыз келді. Жас адам ең басынан-ақ

 өз пікірінің маңызды екенін түсінсе, алдағы уақытта да өз ауылы мен елінің өміріне жауапкершілікпен қарайды деп 

ойлаймын», – деді Рошангүл Салиева.

Ерекше сайлаушылардың келуі ауылдық округ тұрғындарының қызығушылығын тудырды. Біреулер үшін бұл өздерінің

 алғашқы дауыс берген күндерін еске алуға себеп болса, енді біреулер азаматтық жауапкершілік пен белсенділік 

дағдыларының көптеген отбасылық дәстүрлер секілді ең алдымен отбасында қалыптасатыны туралы ой салды.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности