Сайлаудағы сүйінші жаңалық: Алатау қаласында отбасы гендер-пати ұйымдастырды

lu.png

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Алатау қаласындағы отбасы бірден екі маңызды оқиғаны ұштастырды. Дауыс 

бергеннен кейін екінші сәбиін күтіп жүрген Елдар Оспан мен Айшагүл Жананұрға арналған гендер-пати 

ұйымдастырылды.

Алдымен олар жақындарымен бірге сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Кейін болашақ сәбиінің жынысын біліп, 

қуанышты жаңалықты жақындарымен бөлісті.

Осылайша дауыс беру күні отбасылық мерекеге ұласты. Жақындары болашақ сәбиге зор денсаулық, бақытты тағдыр 

мен жарқын ғұмыр, ал ата-анасына амандық пен қуаныш тіледі.

«Бүгін алдымен азаматтық борышымызды орындап, дауыс бердік. Одан кейін отбасымыз үшін маңызды әрі қуанышты 

сәтті бірге атап өттік. Болашақ сәбиіміздің аман-есен дүниеге келуін тілейміз», – деді Елдар мен Айшагүлдің жақындары.

Отбасы қос бірдей маңызды оқиғаны – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы мен сәбидің өмір есігін ашуға 

аз қалған сәтін ұштастыра отырып, жылы естеліктерге толы оқиғаны көңіл төріне бекітті.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности