АРДАГЕР ҰСТАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

image.png

Балқаш ауданына қарасты Балатопар ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Раушан Сағындықова ел үшін маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, №116 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім саласына арнаған ардагер ұстаз үшін ел болашағы әрдайым маңызды. Осыған байланысты ол азаматтық борышын орындап, сайлауға қатысу әр азаматтың ел дамуына қосқан үлесі екенін атап өтті.

Раушан Сағындықованың сайлауға белсенді қатысуы – кейінгі буынға үлгі боларлық азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Ардагер ұстаз елдің берекесі мен бірлігі нығайып, болашақ ұрпақтың жарқын күндері көп болуына тілектестігін білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности