Сапарын үзіп, сайлауға қатысты: Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушілері дауыс берді

1.png

23 тамызда Қалжат ауылдық округіндегі №917 сайлау учаскесіне бір мезетте бірнеше жүк көлігі келіп тоқтады.

 Бұл жерге «Қалжат» кеден бекеті арқылы қатынайтын жүргізушілер аялдаған. Мақсаттары - Құрылтай депутаттарын

 сайлауға қатысу.

Дауыс бергендердің қатарында Бахтияр Мамыров, Шатлиқжан Акбаров, Қудрат Магланов және жүк тасымалы 

саласының өзге де өкілдері бар.

Жүргізушілердің уақытының басым бөлігі жол үстінде өтеді. Ұзақ сапар, жүк тасымалы және тығыз жұмыс кестесі 

олардың ұзақ аялдауына мүмкіндік бере бермейді. Соған қарамастан, жүргізушілер сайлау күні уақыт тауып, учаскеге 

келіп, азаматтық таңдауын жасады.

Учаске маңына бірден бірнеше жүк көлігінің келуі жергілікті тұрғындардың назарын аударды. Ал жүргізушілер дауыс 

берген көліктеріне отырып, сапарын әрмен қарай жалғастырды.

«Қалжат» кеден бекеті өңірдегі маңызды көлік-логистикалық бағыттардың бірінде орналасқан. Бұл жолмен күн сайын

 ондаған жүк көлігі қатынап, түрлі бағытқа жүк тасымалдайды. Ал сайлау күні бірнеше жүргізуші сапарының 

тығыздығына қарамастан, учаскеге соғып, дауыстарын берді.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности