1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді

image.png

Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүнісов сайлау учаскесіне парапланмен ұшып келді. Артынша Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

37 жастағы спортшы 1750 метр биіктіктен әуеге көтеріліп, 20–25 минуттай қалықтады. Ол Алматының үстімен ұшып өтіп, кейін облыстағы сайлау учаскесінің жанына қонды. Парапланмен келген спортшыны көрген жергілікті тұрғындар оған бірден назар аударды.

Ескендір Жүнісов параплан спортымен 13 жылдан бері айналысады. Ал парашютпен секіру тәжірибесіне 25 жыл болған. Батыс Қазақстанның тумасы үшін әуеде қалықтау – жай ғана хобби емес, өмір салты.

«Менің кәсібім де, әуестігім де үнемі биіктікпен байланысты. Бүгінгі Құрылтай сайлауы – елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын күн. Сайлау учаскесіне осылайша ерекше жолмен келу арқылы әр азаматтың өз таңдауы үшін жауапкершілік арқалайтынын көрсеткім келді. Әрі сайлау учаскесіне назар аудартып, мүмкін, біреулерді осында келіп, дауыс беруге ынталандырармын деп ойладым», – деді Ескендір Жүнісов.

«Құрылтай» деген жазуы бар парапланмен сайлау учаскесінің маңына қонған спортшы ішке кіріп, өз таңдауын жасады. Осылайша оның бұл сапары сайлау күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Герои фильма «Ангел в тюбетейке» на избирательном участке
  • «Тақиялы періште» кейіпкерлері сайлау учаскесінде
  • № 305 сайлау учаскесіндегі ертегі кейіпкерлері
  • В Жамбылском районе Алматинской области на избирательном участке
  • С высоты 1750 метров — на выборы: парапланерист прилетел к избирательному участку в Алматинской обла