
Таза Қазақстан – ортақ міндет, жарқын болашақ
Тазалық – мәдениеттіліктің айнасы, ал қоршаған ортаға деген жауапкершілік – әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігінің көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда, елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының маңызы зор. Оның басты мақсаты – елді мекендердің көркін арттырумен қатар, қоғамда тазалыққа, табиғатқа және туған жерге жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» – белгілі бір мерзімде өтетін науқан ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс игі бастама. Өйткені таза көше, жинақы аула, көрікті саябақ пен жасыл желек – халықтың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін маңызды құндылықтар.


