Жаңа Конституция-ел бірлігіне негіз болады.Бұл тұрғыдан ой жүйелер болсам,төмендегі қағидаттар осы сөзіме негіз бола алады.
Ақиқатында Конституция – тәуелсіз мемлекеттің тірегі, елдің құқықтық жүйесінің негізі, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін айқындайтын басты құжат. Ол мемлекеттің басқару қағидаттарын белгілеп қана қоймай, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдағы әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Еліміздің өркендеуі, қоғамдық келісімнің сақталуы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі мен құқықтарының қорғалуы конституциялық қағидаттармен тығыз байланысты.
Экономиканың дамуы, цифрлық технологиялардың кең таралуы, азаматтардың құқықтық сауаттылығының артуы және мемлекеттік басқару жүйесіне қойылатын талаптардың өзгеруі елдің құқықтық негіздерін жетілдіру қажеттігін алға тартады.
Конституциялық өзгерістердің негізгі мәні құжаттың атауында немесе сыртқы сипатында ғана емес, оның қоғам өміріне тигізетін нақты ықпалында.
Кез келген мемлекеттің өркениеттілігін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі – адам құқықтарына деген құрмет. Әрбір азаматтың өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, өз пікірін білдіруге және заңмен қорғалуға құқығы бар. Бұл құқықтарды сақтау – мемлекеттің де, қоғамның да ортақ міндеті.
Күмісбек Ербаев,журналист.


