АЙБЫН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

ттт.JPG

3 желтоқсан күні Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атын-дағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің және «Дала Қырандары» жастар Қоғамдық бірлестігінің ұйым-дастыруымен кіші жасөспірімдер арасында күрестің бір-неше түрлерінен «CHEMPIONDAR LIGALARY» спорттық жарыстар болып өтті.

Аталмыш спорттық шарада А.Кебіспаев лигасының Грек – рим күресі бойынша сынға түскен жерлесіміз Айбын Байкенже  68 келі салмақ дәрежесінде І-ші орынды иеленіп, чемпион атанды.

Спорттық сайыстың марапаттау кезеңінде жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа таққан жерлесімізге жеңімпаз белбеуі табысталды.

Бұл Айбынның алғашқы жеңісі емес. Ол осыған дейін республикалық бірнеше жарыстардың жүлдегері атанған. Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына үміткер жас балуан.

                                Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
  • Глава государства провел встречу с соотечественниками, работающими в Японии
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
  • Глава государства посетил храм Мэйджи Джингу
  • Закон о запрете пропаганды ЛГБТ одобрил сенат в первом чтении Данный текст скопирован с сайта Infor