Алматы облысында ауыл халқының табысы 22,7% көбейді

9.png

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, өңірде суармалы жерлерді кеңейту және су үнемдеу технологияларын енгізу басты басымдықтардың бірі болып отыр.

Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – 9 мың шақырым ирригация желілерінің 60%-ы тозып, су шығыны 50%-ды құрап отыр.

Әкімнің мәліметінше, алдағы жылдары суару желілерін жаңғыртуға Ислам даму банкі арқылы 255 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Нәтижесінде Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару желілері жаңғыртылып, 111 мың гектар жер айналымға қосылады.

Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да жалғасып жатыр. 2022-2025 жылдар аралығында 528 мың гектар пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 340 мың гектары қайтадан айналымға енгізілді.

Сонымен қатар, тұрғындарды ауыл кәсіпкерлігіне тартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде бүгінге дейін 11 млрд теңгеге 1 373 шағын несие берілген.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл шаралар ауылдағы табысты да өсірген. Ауыл халқының орташа табысы 22,7% артып, 311,4 мың теңгеге жетті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конаев и Алатау вышли на новый этап экономического и инновационного развития – Марат Султангазиев
  • Қонаев пен Алатау жаңа экономикалық және инновациялық даму кезеңіне қадам басты – Cұлтанғазиев
  • Алматы облысында Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы мен «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды
  • В Алматинской области открылись филиалы New York Film Academy и футбольной академии Atletico Madrid
  • Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды