ҚАРТТАР – ҚОҒАМ ҚАЗЫНАСЫ

93444ad6-81af-4a47-8173-1c184b61cd76.jpeg

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Ақжар ауылдық клубында «Қарттар – қоғам қазынасы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, ауылдың ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріне құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара барысында қарттарымызға ізгі тілектер айтылып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.

Шарада Ақжар ауылдық округінің бас маманы Алдажан Ержан сөз сөйлеп, ауылдың қазыналы қарттарын мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі.

Кеш барысында ауылымыздың азаматы, Шанлакбаев Оразбек атамыз домбырасын қолға алып, әсем ән орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ Ж. Бәрібаев атындағы орта мектептің 4-сынып оқушылары мерекелік биін ұсынып, үлкендерге өз өнерлерін тарту етті.

Ақжар ауылдық клубының «Ару би» үйірмесінің қыздары сахна төрінде қазақ биін орындап, ұлттық өнеріміздің көркін көрсетті.

Мерекелік кеш жылы лебіздерге, әсем ән мен биге ұласып, қарттарға деген құрмет пен ізеттің жарқын көрінісіне айналды.

Қарттарымыз – елдің берекесі, отбасының тірегі, кейінгі ұрпаққа жол көрсететін асыл қазына.

Барша қарттарымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына шаттық пен береке тілейміз! ????

Қарттарымыз аман болсын! Ақ баталарыңыз ортамыздан кетпесін!


Мақала жазушы:Ақжар ауыллық клубының музыкалық жетекшісі:Өзбекова Назым Жандосқызы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кітаппен өткен тағылымды кездесу
  • ҚАРТТАР – ҚОҒАМ ҚАЗЫНАСЫ
  • Ауданда 207 отбасы баспаналы болмақ
  • Алматы облысында 3 сорғы станциясы салынады
  • Азаматтардың құқығын қорғау және гуманизм қағидаттары