Алматы облысында Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы мен «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды

28.png

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірде білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды.

Әкімнің айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылған. Бұл – өңір үшін маңызды мәдени және білім беру қадамы. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша бес бағытта жүргізіледі: киноөндіріс, сценарий және актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда 60 студент білім алып жатыр, олардың арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар.

Сонымен қатар халықаралық деңгейде спортшылар дайындауға бағытталған «Атлетико Мадрид» футбол академиясы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 113 оқушы білім алып жүр.

Облыстың мәдени және рухани өмірінде ерекше орын алатын шаралар қатарында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы бар. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіліп жатыр. Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жобалар жүзеге асырып, Бейжің мен Мәскеуде концерттер ұйымдастырылған. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің есімі мәдениет үйлеріне, көшелерге және оқу орындарына беріліп жатыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президенты Казахстана и Кипра провели переговоры в узком составе
  • Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
  • Во Дворце Независимости состоялась официальная церемония встречи Президента Республики Кипр, прибыв
  • Во Дворце Независимости состоялась официальная церемония встречи Президента Республики Кипр, прибыв
  • Елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті