Құйған ауылындағы білім ордасындағы жөндеу аяқталды

Құйған ауылындағы білім ордасындағы жөндеу аяқталды
Балқаш ауданы, Құйған ауылында 2002 жылы қолданысқа берілген білім ошағы бар.Н. Бозжанов атындағы білім мекемесінің  күрделі жөндеу көрмегеніне 18 жыл болған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Бұл мақсатта 60 млн. 866 мың теңге қаржы қарастырылған. Бас мердігер: «НМС» ЖШС.
«Білім ошағы жылыту материалдарымен қапталып, жылу жүйесі күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Мектеп білім күніне есігін айқара ашуға дайын. Кезекші сыныптар бөбектерді қабылдауға сақадай сай»,-деді,  Н. Божанов атындағы мектептің директоры Гүлшат Аманжолова.
Негізінен мектеп 320 орынға лайықталған. Еске саламыз, күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының 29 күні басталған болатын. Құрылысқа барлығы 24 адам тартылды.
Айта кетерлігі, Балқаш ауданында  бағдарлама шеңберінде  11 мектептің  ішкі әжетханалары жасақталған. Барлық жұмыстар 100 %-ға орындалып отыр.
--

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • * Жасанды интеллект, болашақ мамандықтар және ауылдағы кадрлар: партиялар теледебатта нені талқылады
  • ИИ, профессии будущего и сельские кадры - о чем спорили партии на теледебатах
  • ҮАААЖ-да жол жүру ақысын төлеу тәртібі өзгерді: төлемді уақытылы жүргізетіндер үшін жол жүру құны бұ
  • В Казахстане издана книга «Әділетті қоғамға шыншыл сөз», в которой собраны избранные высказывания Пр
  • В Казахстане издана книга «Әділетті қоғамға шыншыл сөз», в которой собраны избранные высказывания Пр