Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

Мемлекеттік тілдің мәртебесі артуда

balqash 2021-05-18

Мемлекеттік тілдің мәртебесі артуда

Алтынай Талғатқызы, «Балқаш өңірі».

Снимок.JPG

    Біздің мемлекеттік тіліміз-ол қазақ тілі екендігі баршаға мәлім. Міне, биылғы жылы ел болып еңсемізді түзеп, егемендігімізді алып, іргемізді бекіткенімізге 30 жыл толғалы отыр.  Халқымызда «Отызында орда бұзар» деген мағыналы тіркес бар. Осы уақыт аралығында мемлекет қалай өркендеп дамыды, гүлденген Қазақстанды алпауыт мемлекет ретінде дүниежүзі қаншалықты мойындады және бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тілдің мәртебесі қаншалықты артты деген сауалдар бізді әлі де алаңдататыны сөзсіз. Расыменде, қазіргі уақытта мемлекеттік тіл мәртебесенің анағұрлым артқаны белгілі. Осы орайда, қазақ тілі-ол ел Тәуелсіздігімен қатар жүретін егім ұғым десем артық айтпаған болар едім.

    Иә, еңселі еліміз егемендік алып, Тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқан сәтінен бастап, республика халқының мемлекеттік тілге деген құлшынысы артып, ана тілін үйренуге, қазақ тілінде сөйлеуге деген патриоттық талпыныс халықтың ынта-жігерін арттырғаны рас.

    Қазақ тілін үйренгісі келетін барша азаматтарға қазіргі таңда ешқандай кедергі жоқ деуге болады. Тек мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшыныс, талпыныс болса жетіп жатыр. Бұл сөзіме дәлел ретінде,  қазіргі уақытта ана тіліміздің контентін арттыруға бағытталған және қазақ тілін үйрететін түрлі сайттарға деген сұраныстың артқанынан-ақ байқауға болады. Осы мақсатта жұмыс жасап жатқан әртүрлі сайттар, мобильді қосымшалар әрі қарай жетілдіріліп, азаматтардың мемлекеттік тілді емін-еркін меңгеруіне мол мүмкіндіктер қарастырылған.

    Еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған түрлі шаралар іске асырылып, қарқынды жүзеге асуда. Әрине, бұл тұрғыда республика көлеміндегі Тіл сарайлары мен Тілдерді дамыту басқармалары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың қомақты екендігін мойындаған  жөн.

    Сонымен қоса, аталған мекемелер тарапынан ұйымдастырылатын түрлі мемлекеттік тілдегі байқаулар да тіл мәртебесінің артуына ерекше ықпал етуде. Осыдан-ақ, қазақ тілінің мәртбесінің анағұрлым артқанын байқауға болады.  Иә. Бұл көңілқуантарлық жәйт. Бүгінгі күні еліміздегі қалалардың қақ ортасында орналасқан түрлі плакаттардағы қазақ тілінде жазылған мәтіндердің қателері де азайғанын байқауға болады. Әрине, бұл мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдар бедерінде жеткен жетістігінің айқын дәлелі, анық көрінісі.

Мемлекеттік тіл мәртебесінің артқанын мынадай жай ғана мысалдардан да аңғаруға болады. Мен өзім Алматы облысына қарасты, Балқаш ауданының тумасымын. Қазіргі уақытта өзім туып-өскен өңірде аудандық «Балқаш өңірі» газетінде еңбек етудемін. «Еңбектің наны тәтті» демекші, мен секілді қызмет етіп жүрген кез-келген азаматтың айлық еңбекақысын алуға асығатыны сөзсіз. Иә, еңбекақымызды біреулеріміз қолма-қол ақшамен пошта торабынан алсақ, ал ендібіріміз жалақы карточкасынан, яғни арнайы банкоматтар арқылы аламыз. Міне, менде өз жалақымды алуға барғанда басқа азаматтардың жалақы алып жатқанына куә боламын. Әңгіменің астарында не айтқым келді? Мен секілді басқа да қызметкерлердің банкомат бетінен қазақ тілінде ақпарат алуды таңдағанын көргенде ерекше күйге енемін. Өйткені, осы бір жай ғана мысал мемлекеттік тілге деген сұраныстың артқанына дәлел.

f19c8a60123a00a7ebd050ccfb953901.jpg

Алматы қаласы-армандар қаласы. Бұл қалаға еліміздің түкпір-түкпірінен сан мыңдаған жастарды үлкен арман жетелейді. Жалпы, жастардың ана тілге деген құлшынысының артуына ең әуелі ақ сүтін берген анасы, одан кейін тәрбие берген отбасы, және ең соңында жүрген ортасының ықпалы зор. Яғни, бұл алып қалада орналасқан азық-түлік дүкендеріндегі сатушылар, түрлі ойын-сауық орталығындағы қызметкерлер, тіпті күзетшілердің де жастардың ана тіліне деген құлшынысын арттыруға үлес қосатыны анық. Олай дейтінім, осындай қоғамдық жерлерде қызмет ететін түрлі өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде жауап  қайтарғанында немесе мемлекеттік тілде әңгіме өрбіте бастағанында кез-келген жастың ой-санасындағы қазақ тілге деген құрметі одан әрі арта түсетіні анық. Бірақ, соған қарамастан біз қолына найза алып жауға шапқан, Тәуелсіздіктің ақ таңы үшін жанын қиған батырлардың ұрпағы екенімізді естен шығармағанымыз абзал. Біздің ұлттық құндылықтарымыздан бастау алатын мемлекеттік тіліміз бен дініміз бұл ата-бабалардан қалған аманат. Жас ұрпақты, еліміздің болашағын жарқын ететін жастарды біз тал бесіктен бастап тәрбиелесек, ана тілін ана сүтімен дарытсақ, мемлекеттік тіл мерейінің үстем бола түсетіні хақ.

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» демекші, ойымызды мемлекеттік тілде дамытып, қазақша сөйлеп, қазақ тілін құметтейік дегім келеді. Өйткені, қазақ тілі біздің халқымыздың ұлттық болмысынан бастап түсінік беретін халқымыздың баға жетпес байлығы, басты қазынасы. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер-мәңгүрт екенін естен шығармай, өз тілімізде құрметтеуге асығайық.

 


Жарнама орны (6)
<< Өткен жылдар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды
ТІЛ-БАҒА ЖЕТПЕС ҚАЗЫНА >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
  • ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 13-06-25/13:41 ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
    • 13-06-25/13:02 ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
    • 13-06-25/12:56 ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
    • 13-06-25/12:44 АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    • 12-06-25/18:07 ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
    • 12-06-25/18:04 Казахстан сохраняет свой рост ВВП
    • 12-06-25/17:54 Еліміздегі ірі логистикалық жобалардың бірі Талғар ауданында жүзеге асырылуда
    • 12-06-25/17:51 Один из крупнейших логистических объектов страны строится в Талгарском районе
    • 12-06-25/17:48 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
    • 12-06-25/15:03 ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%
    • 12-06-25/15:02 Алматы облысында алғашқы Apricot Fest өтті
    • 12-06-25/15:00 Абрикосовый бум: в Алматинской области впервые прошёл Apricot Fest
    • 11-06-25/21:13 "Келешек мектептері" жобасы – Алматы облысында білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі
    • 09-06-25/20:27 Балалардың жазғы демалысы
    • 09-06-25/18:02 Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді
    • 09-06-25/18:00 В Уйгурском районе усилен контроль за строительством медобъектов
    • 09-06-25/17:58 Райымбек ауданындағы бөгет құрылыстарындағы заңбұзушылықтарды тексеру тапсырылды
    • 09-06-25/17:55 Поручено разобраться с нарушениями на строительстве плотин в Райымбекском районе
    • 09-06-25/17:53 Облыс әкімі өз міндеттемелерін орындамаған мердігерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды
    • 09-06-25/13:21 Аким Алматинской области поручил наказать недобросовестных подрядчиков

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс