
Бақанас мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Қаратай Мұхамеджан ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен І орын иеленді!
Жас зияткерімізді жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Бидайшиева Айғаным.
Мұхамеджанға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім бәйгелерінде жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз! Жеңісті жолың жалғаса берсін!


