ЖОЛДАУ – ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНІҢ БАҒДАРЫ

4cca1983-a0db-4260-8d69-2dfd8631442f.jpeg

ba6d8a80-f403-4c58-a1e0-ecfdc006d19c.jpeg

63ebd665-9f8f-4744-b80e-f5c8ea890515.jpeg

cb8f976d-7805-4686-85c6-ad070d7afc55.jpeg

     Осы аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын қолдау мақсатында актив жиыны өтті.

     Маңызды басқосуға аудандық мекеме басшылары мен қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, аудан ақсақалдары, еңбек ардагерлері және жастар қауымы қатысты.

    Еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжаттың негізгі міндеттері мен басымдықтарын халыққа кеңінен түсіндіру, сондай-ақ оның ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін ықпалын талқылау мақсатында ұйымдастырылған жиынды аудан әкімі Азат Құтпанбетов жүргізіп отырды.

    Жиын барысында аудан әкімі  Мемлекет басшысының бұл Жолдауы Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі даму бағдарын айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті. Сондай-ақ оның елдің экономикалық әлеуетін нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және заманауи технологияларды кеңінен енгізуге бағытталғанына баса тоқталды.

      Келесі кезекте сөз алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев пен аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Әліпбаева Жолдауда көтерілген маңызды мәселелер мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттар жөнінде өз ойларын ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісті.

                                             Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – АУДАННЫҢ КӨРКІ
  • В ИЛИЙСКОМ РАЙОНЕ ОБСУДИЛИ ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ, ОБОЗНАЧЕННЫЕ В ПОСЛАНИИ ПРЕЗИДЕНТА
  • Международные рейтинги высоко оценивают цифровой Казахстан: как курс Токаева отражается на готовност
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • Суперкомпьютеры и дата-центры: какую модель цифровой экономики строит Казахстан при Токаеве