ОЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУДЫ-АДАМГЕРШІЛІК ПЕН ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ ӨЛШЕМІ САНАЙДЫ


6dc78166-ad6b-478c-83b9-ddaca862e491.jpg


Иә. «Қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің» - дейді қазақ. Қайырымдылық жасау, қиналған жанға қолұшын созу, айналаға мейірімділікпен қарау-бұл қазақ халқының қанына сіңген ізгі әрі ең асыл қасиет. Біз осыған дейін де бұған талай мәрте куә болдық.

Казақстан Респуб-ликасы тәуелсіздігінің  30 жылдығы қарсаң-ында 30 ИГІ ІС бастамасы қолға алынған болатын. «Nur otan» партиясының  «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ», «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» жобалары аясында Балқаш аудандық мәслихатының депутаттары ауданымыздағы көпбалалы аналар мен аз қамтылған отба-сыларға азық-түлік себеттерін тарту етті. Осылайша, қамқорлық көрсетуді өмірлік ұстанымына айналдырған халық қалаулылары ел алғысына бөленді.

Расыменде, қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Осы орайда қайырлы істің ұршығын иірген аудандық мәслихат депутаттары нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді.

 

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асуда
  • Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді
  • ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – АУДАННЫҢ КӨРКІ
  • В ИЛИЙСКОМ РАЙОНЕ ОБСУДИЛИ ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ, ОБОЗНАЧЕННЫЕ В ПОСЛАНИИ ПРЕЗИДЕНТА
  • Международные рейтинги высоко оценивают цифровой Казахстан: как курс Токаева отражается на готовност