Атқарылған істер ауқымды

Еліміздің шұрайлы  өңірі саналатын Жетісу жерінде көптеген дүниелер қолға алынып, оның жемісі айқын сезілуде. Бұл жұмыстардың басы-қасында әрине облысымыздың басшысы Амандық Баталов тұрғандығы баршаға аян.

Ақиқатын айтсақ, кейінгі жылдар көлемінде ауыз толтырып айтатындай дүниелер іске асып, өз нәтижесін беруде. Қай саланы алып қарасаңызда алға  жылжу динамикасы бар. Күн-түн демей тынымсыз жұмыс жасап, облыстың әлеуметі мен әлеуетін арттыруда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының бастамасы көптеген өңірлерге үлгі.

Бүгінгі өткен брифинг барысында өңір басшысы көптеген мәселелерді орынды көтеріп, оның шешілу жолдарын әңгіме арқауына айналдырды. Бұл тұрғыда облыс көлемінде атқарылатын және атқарылуға тиісті жұмыстар айтылғандығын естіп, бір қуанып қалдым.  Әрине толағай жұмыстардың арасында біздің бақ дарыған Балқаш өңіріне қатысты да жайттар баршылық.

Алдағы уақытта да өңір басшысы сенім үрдісінен шығып, алға қойған мақсат-мүдделеріне жететініне сенімдімін. Өйткені Амандық Баталов нағыз іскер азамат, білікті де білімді басшы.

                                                               Бақыт Сқабаев, Балқаш аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Новая Конституция позволит точно доводить информацию и формировать культуру конструктивного диалога
  • Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік
  • Жаңа Конституциямыздағы жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі
  • Бірдей мәтін бірдей нәтиже бермейді
  • Действующую Конституцию 1995 года написала группа всего из 12 человек, трое из них – иностранцы