АУЫЛ БОЛАШАҒЫ МЕН ҮШІН МАҢЫЗДЫ

АУЫЛ БОЛАШАҒЫ МЕН ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні  25 шілде болып белгіленген.    

Дәл осы күні біздің бақ дарыған Балқаш ауданында да  Миялы, Бірлік, Топар, Балатопар, Жиделі және Құйған ауылдық округтерінде ауыл әкімдері жаңадан сайланатын болады. Бұл жауапты әрі маңызды шешім қабылданатын күн болғандықтан сайлау өтетін ауыл тұрғындары әрқайыссы өз шешімдерін қабылдап, өз ауылдарының болашағы үшін дауыс беруге біркісідей атсалысады деген сенімдемін.

Мен  Балатопар ауылының тумасы болғандықтан өзім тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін өз шешімімді қабылдап, 25 шілде күні дауыс беруге барамын. Ауылдың және ауылдастардың  қамын ойлайтын, еліміздің экономикасының дамуына сүбелі үлес қосатын нағыз атқамінер азаматқа  дауысымды беріп, таңдауымды жасаймын. Осындай орайлы сәтте жастарға сенім білдіріп, олардың болашағына зор үміт артып,  ертеңгі ауыл тағдырын қолдарына тапсырсақ деген ойдамыз.

Бұл күн ауыл тұрғындары үшін өте маңызды.

            Әділқадір КАШКЕЕВ, ауданның Құрметті азаматы, зейнеткер.

                                                                                      Балатопар ауылы.

               

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ