ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ҚОЛДАНУ-ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРЕДІ

Жолдауға жедел үн қосу

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ҚОЛДАНУ-ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРЕДІ

Қуаныш ТӨЛЕПБЕРГЕН:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. Еліміздің болашағы үшін маңызы зор болып табылатын Жолдауда көптеген мәселелер көтерілді. Мен де осы егемен елдің азаматы болғандықтан Президент Жолдауын көгілдір экраннан  мұқият тыңдадым.

Жолдауда  айтылған өзекті мәселенің бірі-зейнетақы жинағына қатысты болды. Иә. Расыменде Президенттің бастамасына сәйкес зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп отыр.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: "Азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат беру қажет. Бұл ақшаны жинау мен тиімді жұмсауға ынталандырады", - деді.

Мемлекет басшысының бұл сөзінде үлкен мән жатыр. Сонымен қоса, бұл бастама Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырып, алдағы уақытта республикамыздың әлеуметтік-эконмикалық жағынан дамуына ықпал етері сөзсіз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
  • Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
  • “Таза Қазақстан”
  • Дипломатия Токаева меняет баланс сил в Центральной Азии - эксперт Саян Абаев Саян Абаев
  • Казахстан усиливает стратегическую роль в Центральной Азии