АЗАТ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ

1612418652_tuelszdk.jpg

АЗАТ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ
Ахын Сейсекеұлы, аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

Бақытты бүгін тәуелсіз ел жастары,
Қарыштап биік, алдыға қадам басқаны.
Таусылмас білім бұлағын іздеп, шаршамай,
Айдынға келіп, аққудай үлес қосқаны.

Тәрбие-тәлім бойына жиған жасынан,
Қазақтың иісі бұрқырап шығар қасынан.
Жастарға түзу Алланың аппақ ниеті,
Тәуелсіздігің - бақытың таймас басыңнан.

Жастарға сенді Мағжандай асыл даналар,
Жан бар ма ондай қазақтың жолын саралар.
Еліне еңбек еткеннің кетпес есесі,
Біз осы жолда бармыз ба бүгін ағалар?!

Өмірің-өрнек, өріліп тұрса басты арна,
 Үмітіңді ізде, өмірдің жолын астарла.
Келешегі үшін қазақтың ұлы Мағжаны,
Жалынды жырмен тапсырды үміт жастарға.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • * Жасанды интеллект, болашақ мамандықтар және ауылдағы кадрлар: партиялар теледебатта нені талқылады
  • ИИ, профессии будущего и сельские кадры - о чем спорили партии на теледебатах
  • ҮАААЖ-да жол жүру ақысын төлеу тәртібі өзгерді: төлемді уақытылы жүргізетіндер үшін жол жүру құны бұ
  • В Казахстане издана книга «Әділетті қоғамға шыншыл сөз», в которой собраны избранные высказывания Пр
  • В Казахстане издана книга «Әділетті қоғамға шыншыл сөз», в которой собраны избранные высказывания Пр