Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

Ұлт құндылығы ұрпаққа аманат

balqash 2021-09-29

Кез келген халықтың тілі, діні, әдебиеті, өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрі болары анық. Солардың барлығы бір сөзбен ғана «ұлттық құндылық» деген ұғымның төңірегіне топтасады. Ал осы ұлттық құндылықтардың ұрпақ тәрбиесінде алар маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтар қаншалықты құрметке ие? Ғасырлар бойғы салт-сана мен дәстүрлі ғұрыпты сақтай білу керектігін білсе де, қазіргі жастар арасында ата-баба мұрасына немқұрайлы қарау орын алып жатқаны да жасырын емес.

 

         Осындай немқұрайлылық өз тілін, дінін, дәстүрін білмеуге, қадірлеп, қастерлей алмауға, тіпті асыл қазыналарымызды уақыт өте бере ұмытуға дейін әкелуі бек мүмкін. Ал бұл өз кезегінде ұлт пен сол ұлттың құндылықтарының арасын алшақтатуға күш салатындар үшін таптырмас мүмкіндік.

Бүгінде ұлттық құндылықтарымызды, ата-баба салған сан ғасырлық дәстүрлі құндылықтар мектебін білмей жатып, діни сауаттылығын жетілдірмей тұрып, жолында кезіккен біреудің жымысқы идеологиясын санаға сіңірген ұрпақтың саны күн өткен сайын артуда. Бұған ең алдымен жастар арасында кеңінен танымал әлеуметтік желілердің ықпалы басым. Себебі, қазір ақпарат ағыны көп. Білгің келген нәрсенің жауабын ғаламтордан жылдам әрі оңай табуға болады. Осы тұста түрлі желілердің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын тигізетін ақпараттар да жетерлік. Соның бірі – діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын құрайтын ақпарат көздері.

Ғаламтор желілерінде дінге байланысты ақпарат іздеген адамға мыңдаған дерек көзінің шығатыны белгілі. Осы ақпараттардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін көп адамдар аңғара да бермейді. Соның салдарынан кей жандардың санасында күмәнді ойлар қалыптасып та жатады. Өйткені деструктивті теріс бағыттағы діни ұйымдар ғаламтор арқылы өз идеологияларын таратып, жақтастарының санын арттыруды қалайды. 

Сондықтан, жастардың жат ағым жетегіне еріп кетуінің алдын алу үшін ең алдымен отбасында берілетін тәрбиенің мығым болуы маңызды. Сан ғасырлық ата-баба дәстүрі мен дәстүрлі діни құндылықтарды сабақтастыра отырып тәлім-тәрбие бергенде ғана діни сауатты, өз дәстүрін толық ұғынатын ұрпақ өсіруге болады. Одан кейінгі кезекте мектеп қабырғасы мен жоғары оқу орындарынан алатын тәрбие көзі тұнық болуы шарт. Сонда ғана толық кемелді, ұлтжанды, діни сауатты ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды аманат етіп қалдырамыз.                                                         Ақжол Асанов,«Алматы облысының дін   істері басқармасы» 

ММ  Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің маман-дінтанушысы.


Жарнама орны (6)
<< Pfizer вакцинасын жеткізу бойынша
Діни экстремизм – мемлекеттік біртұстастыққа төнген қауіп >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
  • ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 13-06-25/13:41 ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
    • 13-06-25/13:02 ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
    • 13-06-25/12:56 ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
    • 13-06-25/12:44 АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    • 12-06-25/18:07 ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
    • 12-06-25/18:04 Казахстан сохраняет свой рост ВВП
    • 12-06-25/17:54 Еліміздегі ірі логистикалық жобалардың бірі Талғар ауданында жүзеге асырылуда
    • 12-06-25/17:51 Один из крупнейших логистических объектов страны строится в Талгарском районе
    • 12-06-25/17:48 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
    • 12-06-25/15:03 ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%
    • 12-06-25/15:02 Алматы облысында алғашқы Apricot Fest өтті
    • 12-06-25/15:00 Абрикосовый бум: в Алматинской области впервые прошёл Apricot Fest
    • 11-06-25/21:13 "Келешек мектептері" жобасы – Алматы облысында білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі
    • 09-06-25/20:27 Балалардың жазғы демалысы
    • 09-06-25/18:02 Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді
    • 09-06-25/18:00 В Уйгурском районе усилен контроль за строительством медобъектов
    • 09-06-25/17:58 Райымбек ауданындағы бөгет құрылыстарындағы заңбұзушылықтарды тексеру тапсырылды
    • 09-06-25/17:55 Поручено разобраться с нарушениями на строительстве плотин в Райымбекском районе
    • 09-06-25/17:53 Облыс әкімі өз міндеттемелерін орындамаған мердігерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды
    • 09-06-25/13:21 Аким Алматинской области поручил наказать недобросовестных подрядчиков

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс