Студенттерге академиялық демалыс туралы

Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының, кәсіптік училище мен колледждердің студенттері дәлелді себептермен 6 айдан 3 жылға дейін академиялық демалыс ала алады. Әдетте академ-демалыс ұзақ уақыт емделу қажет болғанда, бала күтіміне байланысты немесе әскерге шақырылғанда сұралады. Бұл қызметті студент өзі оқитын оқу орнында ғана емес, ХҚО арқылы да рәсімдеуге болатынын көп адамдар біле бермейді. ХҚО-ға жүгінгенде өзімен бірге жеке куәлік, өтініш және студенттің демалыс алу себебін растайтын медициналық комиссияның қорытындысы, әскерге шақыру қағазы немесе баланың туу туралы куәлігі секілді құжаттар керек. Қызмет тегін және 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
  • Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
  • “Таза Қазақстан”
  • Дипломатия Токаева меняет баланс сил в Центральной Азии - эксперт Саян Абаев Саян Абаев
  • Казахстан усиливает стратегическую роль в Центральной Азии