Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ-ЕЛ ҮМІТІ

balqash 2022-02-21

      Бекен ШЫБЫҚБАЕВ,  Ақдала ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Барыс жылының алғашқы айындағы қоғамымыздағы саяси-әлеуметтік экономикалық, тарихи өзгерістерге байланысты мемлекетіміз өте ауыр күндерді бастан өткізді. Әсіресе «қасіретті қаңтар» оқиғасы еліміз үшін өте ауыр жағдай болды. Қаншама қан төгілді, қаншама бейкүнә жастар қыршыннан қиылды, көптеген отбасы қара жамылды, қираған ғимараттар, тоналған сауда үйлері, өртенген үйлер, жантүршігілікпен жасалған жауыздықтар, мемлекетімізге моральдық-материалдық зор шығын әкелді.

Иә, осы сын сәттен, сын сағатынан еліміз жақсы өттік.

Осы сәтте халықтың қолдауы, Президенттің сабырлы, салиқалы саясатымен бір-бірімен үндесіп жүзеге асты.

Жазушы Бексұлтан Нұржекеев айтқандай «Иә, құдай» деп мемлекетімізді сақтап қалдық.

Бұл тарихи оқиға өткенге сабақ. «Жау жоқ деме- жар астында, бөрі жоқ деме- бөрік астында». «Сыртқы жаудан, ішкі жау қауіпті» демекші мемлекет қауіпсіздігін сақтауда елімізге үлкен міндет жүктелді. Президент айтып отырғандай: «Аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндірумен бірге, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік және заңнамалық орындалмауы және қоғамды жайлап алған жемқорлық еліміздің соры болды.

Ендігі жерде Қазақстанда байлар мен барлар, биліктегілер ғана үстемдік ететін емес, Заң ғана үстемдік ететін  жұмыс жүргізілуі керек»-деп Жаңа Қазақстанды бірге құрайық атты Үндеуін жариялаған еді.

Сол Үндеуінде Президент мемлекетіміздегі жағдайды халыққа болған, орын алған кемшіліктерді жасырмай, толығымен ашып айтты. Шындығын айтқанда халықтан ешнәрсе жасырған жоқ. Атап айтқанда елімізді жайлаған жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, әділеті аз  биліктің үстемдігін қатаң сынға алды.

Ел экономикасын көтеру, халықтың әл-ауқатын, тұрмысын көтеріп, кедейшілікпен күресу жөнінде үкіметке арнайы реформаға толы тапсырмалар беріп, отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізуі-еліміздің жаңа экономикалық бағытының негізін қалайтын қағидат болып табылады.

Мемлекет басшысының Парламент қабырғасында айтылған  баяндамасы- «Жаңа Қазақстан» жобасы көпшіліктің қолдауына ие. Себебі баяндамада мемлекетіміздегі орын алған кемшіліктер ашық айтылып, алдағы атқарылатын істер мен жобалар нақты айқындалып, баяндалған. Негізінен жобада халықтың әл-ауқатын жақсарту, кедейшілікпен күресу және көптеген әлеуметтік игі шаралар қамтылған. Іске асу шаралары бағдарланған. Тіпті сол бағдарламалардың іске асыру мерзімінде атап көрсетті.

Ең бастысы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің еңсесін түзеуге бет бұрған батыл да шешуші қадамдарына сеніммен қарау, қолдау көрсету, жаңа дәуірге, жаңаша көзқараспен қарайтын азаматтарымыздың парызы.

Бүгінгі жастар қоғамдағы жағдайды тек өз түсініктерімен қабылдайды. Әсіресе, қолдағы телефондағы  инстаграмда не жазылса, соны талқылап, соған көп бой ұрады. Ал, баспасөздегі, теледидардағы жаңалықтарға көп мән бермейді. Болып жатқан жағдайды саралап, саяси тұрғыдан баға беру, әділетті қоғамды қалай құру, еліміз қайтсе байқуатты өмір сүреді, осы жайында баспасөзде жиі ой бөліссек абзал болар еді.

«Еліңде қарты болмаса, жастары болар диуана» деп ер Махамбеттің  айтқанын қазіргі қазақ қоғамы ескеруі керек деп ойлаймын. «Өткелде ат айырбастамайды» деген дана сөзді еске алайық, ағайын!

Жаңа дәуірге бет бұрған бағытымыз баянды болып, көшіміз түзеліп, жақсы күндер көп болғай. Ел бірлігі мен ынтымағы нығайып, еліміз аман болып, мамыражай заман болсын. Қарттарым соны көруге шамаң болсын. Болашағымыз жарқын, игі істер жастарымызға Алладан нәсіп болсын.

 

 

 

 

 

 

 


Жарнама орны (6)
<< ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫНА АРНАЛДЫ
Берік Асылов қаңтар оқиғасы туралы >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
  • ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 13-06-25/13:41 ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
    • 13-06-25/13:02 ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
    • 13-06-25/12:56 ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
    • 13-06-25/12:44 АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    • 12-06-25/18:07 ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
    • 12-06-25/18:04 Казахстан сохраняет свой рост ВВП
    • 12-06-25/17:54 Еліміздегі ірі логистикалық жобалардың бірі Талғар ауданында жүзеге асырылуда
    • 12-06-25/17:51 Один из крупнейших логистических объектов страны строится в Талгарском районе
    • 12-06-25/17:48 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
    • 12-06-25/15:03 ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%
    • 12-06-25/15:02 Алматы облысында алғашқы Apricot Fest өтті
    • 12-06-25/15:00 Абрикосовый бум: в Алматинской области впервые прошёл Apricot Fest
    • 11-06-25/21:13 "Келешек мектептері" жобасы – Алматы облысында білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі
    • 09-06-25/20:27 Балалардың жазғы демалысы
    • 09-06-25/18:02 Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді
    • 09-06-25/18:00 В Уйгурском районе усилен контроль за строительством медобъектов
    • 09-06-25/17:58 Райымбек ауданындағы бөгет құрылыстарындағы заңбұзушылықтарды тексеру тапсырылды
    • 09-06-25/17:55 Поручено разобраться с нарушениями на строительстве плотин в Райымбекском районе
    • 09-06-25/17:53 Облыс әкімі өз міндеттемелерін орындамаған мердігерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды
    • 09-06-25/13:21 Аким Алматинской области поручил наказать недобросовестных подрядчиков

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс