Жұмысқа шақырамыз

Келісім-шарт бойынша әскери қызмет ету мемлекет пен жеке тұлға мүддесін астастырып, байланыстырады. Әлбетте, азаматтардың жауынгерлік сапқа әрдайым дайын жүріп, патриоттық сезімін күшейтіп, елдің, жердің қорғаны екендігін де сезінтеді. Негізі, азаматтар әскери қызмет етуге келісім жасағанда бүгіні мен болашағына тұрақты, сенімді әлеуметтік қорғауды да қамтиды.

Қарулы Күштердің қатарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтің басымдылығы: ақшалай қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдауға кепілді төлемдер, медицинамен қамтамасыз ету және заңнамаға сәйкес басқа да әлеуметтік кепілдермен қамтамасыз етілу. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің сержанттар мен сарбаздар құрамының келісім-шарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтау мақсатында Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Жаркент қалалары және де Сарыөзек, Казцик ауылдарында орналасқан әскери бөлімдеріне бос лауазымдарына жұмысқа орналаса алады.

Егер Сізді қызықтырған сұрақтар болса, Балқаш аудынының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі № 35 үй немесе байланыс телефоны: 8(72773)-91-4-69 және 8-707-608-31-02 номерлеріне хабарласуыңызға болады.

Владимир Ким, аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, подполковник.                         

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Алматинской области в рамках акции «Таза бейсенбі» очищено 12 гектаров территории
  • Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады