Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

ГИППОКРАТ АНТЫНА АДАЛДЫҚ ТАНЫТТЫ

balqash 2022-05-03

10492968-f001-4ab8-a28b-0a25ae906557.jpg

Дана халқымызда «Бірінші байлық-денсаулық» деген тәмсіл бар. Әрбір адамның өмірі өзінің денсаулығымен маңызды. Ал адамдар аяқасты науқастанып немесе жазым болып жарақаттанып қалған жағдайда бірден «Жедел жәрдемнің» көмегіне жүгінеді. Науқас адамдарға негізгі медициналық көмекті бірінші болып көрсететін денсаулық сақтау саласындағы «Жедел жәрдемнің» қызметкерлері.                  Қоңырау шалып, көмек сұраған науқастарға алғашқы медициналық  жәрдемді көрсететін осы салада халыққа қызмет көрсетіп жүрген фельдшерлер екені жасырын емес. Аудан орталығында 2018 жылдан бері облыстық Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы Балқаш аудандық №12 подстанциясы құрылып, бүгінде  мекеме жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Аталмыш мекеме аудан көлеміндегі барлық шұғыл оқиғаларға жедел жәрдем көмегін көрсетіп, аудан халқының өмірлерін аман сақтап қалуларына сүбелі үлес қосып келеді. Әлем жұртшылығын коронавирус инфекциясы әбігерге салған кезеңдерде де жедел жәрдем қызметкерлері халыққа қалтқысыз қызмет атқарды. Бақанас ауылындағы жедел жәрдем №12 подстанциясында бүгінде 12 фельдшер, 12 жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері 3 бөлімше бойынша жүйелі жұмыс жасап келеді.

Жақында  аудандық №12 подстанциясының екінші бөлімшесінің фельдшері Данияр Күмісбаевтың адам жанына араша болған оқиғасы барлық әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Ол өзінің жұмыс барысында осындай кезекті шұғыл қоңырауды ести сала Іле өзенінің арғы бетінде орналасқан малды ауылдың тұрғынын аман-есен ауруханаға жеткізген еді. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Бақанас ауылында орналасқан аталмыш жедел жәрдем подстанциясына барып, ержүрек Данияр Тілеубекұлымен сұхбаттастық.

Данияр өзінің әңгімесін бастар алдында сәл езу тартып күлді де «Шыныменде қызық әрі қауіпті жағдай болды» деп болған оқиғаны қаз-қалпында баяндай жөнелді.

-«Әдеттегідей жұмыста жүрген едім, кенет кеңсе телефоны шырылдап, аға фельдшер Зейнеш Әбдірахманова телефон тұтқасын көтеріп, бірден қоңырау түскен мекен-жайды анықтап,  науқастың аты-жөнін жаза бастады. Сөйлесіп болған соң маған Миялы ауылдық округіне тұспа-тұс орналасқан Іле өзенінің арғы жағасындағы малды ауылға барып, сол жердегі ауыр жарақат алған ер адамға жедел жәрдем көмегін көрсетуімді тапсырды. Мен көп ойланбастан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бүркіт Толғановпен  жолға шықтым. Ол жерде Іле өзенінің арғы жағалауына өту бәрінен де қиын болды. Қайық іздеп әуреге түсіп жүргенімізде  аға фельдшер Зейнеш Әбдірахманова маған қоңырау шалып, ол жерге жалғыз бару қауіпті екенін ескертіп, полиция қызметкерлері менімен бірге баратынын айтты. Әне-міне дегенше аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, аға лейтенант Данияр Ғалымұлы мен криминалист, капитан Азат Мұратов келіп жетті. Полиция қызметкерлері келгенше Іле өзенінің арғы жағасына өту үшін аталмыш ауылдық учаскелік полиция қызметкері, капитан Қанат Көмеков маторлы қайық дайындап қойған болатын. Капитан Қанат Көмеков пен Жедел жәрдем жүргізушісі Бүркіт Толғанов бергі жағалауда бізді күтіп тұрды. Біз Іле өзенінің арғы жағалауына маторлы қайықпен жүзіп өттік.

Сөз орайы келгенде мен «маторлы қайықпен Іле өзенінен өту қауіпті.  Бойыңызды ешқандай қорқыныш сезімі жаулаған жоқ па? деп сұрадым Данияр Тілеубекұлынан. Сонда ол басын шайқап «Жоқ неге қорқам. Мен үшін ең маңыздысы-науқасқа көмек көрсету. Сондықтан қорқу деген менің ойымда мүлдем болмады. Ол жерде ішімдік ішкен бұзақылар басқосқан отырыс болған екен. Мүмкін олар қарулы шығар деп полиция қызметкерлері зардап шеккен адамға пышақ қолданған қылмыскерді құрықтау амалдарын ойластырып жатты. Ал менің бар ойым ауыр халде жатқан адамның көңіл-күйі, жағдайы қалай болып жатыр? деген сұрақ, науқастың қасына барып көргенімше санамнан еш өшпеді. Дер кезінде оған көмек көрсете алмай қаламынба деп уайымдадым. Өйткені адам жанының арашасы болу-менің міндетім. Дәл сол жерде аяқ асты атыс-шабыс болып кетсе де, мен өз өмірімді құрбан етсем де, жарақат алған адамдарға көмек көрсетер едім» деп өзінің  нағыз Гиппократ антына адал екенін дәлелдеді.

Олар Іле өзенінің арғы жағалауына өткенен соң оқиға болған жерге дейін жаяу барған. Бұзақылар топтасқан ортаға кіріп, ауыр жарақат алған  адамға алғашқы медициналық көмекті көрсеткен Данияр Тілеубекұлы науқастың жағдайын байқап, аудандық Орталық ауруханаға жеткізуге шешім қабылдайды. Науқасты орнынан тұрғызып, иығына сүйемелдеп,оның өз аяғымен жүруіне ықпал жасап, маторлы қайыққа отырғызыпты. Сөйтіп ұжымдасып, өз міндетерін абыроймен атқарған жігіттер Іле өзенінен қайта жүзіп өтеді де, науқасты Жедел жәрдем көлігіне отырғызып, емдік шараларды қайта жалғастырған.

Сөз соңында Данияр Күмісбаев зардап шеккен науқасқа көмек қолын созған маторлы қайықтың иесі Бақбақты ауылының тұрғыны Абай Әліпбаевқа  және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысы шексіз екенін жасырмады. 

Осылайша Данияр өз міндетін ойдағыдай атқарып, ауыр жарақат алған  Серік  Қадіровтың өмірін аман сақтап қалды.


Жарнама орны (6)
<< МАЛ ҰРЛЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛГЕН
Участие казахстанцев в управлении государством расширится – Карин о поправках в Конституцию >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
  • ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 13-06-25/13:41 ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
    • 13-06-25/13:02 ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
    • 13-06-25/12:56 ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
    • 13-06-25/12:44 АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    • 12-06-25/18:07 ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
    • 12-06-25/18:04 Казахстан сохраняет свой рост ВВП
    • 12-06-25/17:54 Еліміздегі ірі логистикалық жобалардың бірі Талғар ауданында жүзеге асырылуда
    • 12-06-25/17:51 Один из крупнейших логистических объектов страны строится в Талгарском районе
    • 12-06-25/17:48 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
    • 12-06-25/15:03 ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%
    • 12-06-25/15:02 Алматы облысында алғашқы Apricot Fest өтті
    • 12-06-25/15:00 Абрикосовый бум: в Алматинской области впервые прошёл Apricot Fest
    • 11-06-25/21:13 "Келешек мектептері" жобасы – Алматы облысында білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі
    • 09-06-25/20:27 Балалардың жазғы демалысы
    • 09-06-25/18:02 Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді
    • 09-06-25/18:00 В Уйгурском районе усилен контроль за строительством медобъектов
    • 09-06-25/17:58 Райымбек ауданындағы бөгет құрылыстарындағы заңбұзушылықтарды тексеру тапсырылды
    • 09-06-25/17:55 Поручено разобраться с нарушениями на строительстве плотин в Райымбекском районе
    • 09-06-25/17:53 Облыс әкімі өз міндеттемелерін орындамаған мердігерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды
    • 09-06-25/13:21 Аким Алматинской области поручил наказать недобросовестных подрядчиков

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс