Жасөспірімге алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады

Еліміздің ХҚО бөлімдері жұмысына қатысты жиі қойылатын сұрақтардың біріне жауап берейік. ҚР Заңы бойынша қазақстандықтар 16 жасқа толғанда өзінің алғашқы жеке куәлігін алуы тиіс. Біз оны ресімдеу жолдарын бүгінгі материалда қарастырамыз. Жеке куәлікті ресімдеу үшін ата-анасының бірі мен жасөспірімнің өзі ХҚО-ға жүгінеді. Өзімен бірге үш құжат болуы қажет: жасөспірімнің туу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің жеке куәлігі, 0,2 АЕК (636 теңге) құрайтын мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. Болған жағдайда паспортты да қосымша ұсыну керек. Құжатты ресімдеу кезінде баланың өзі болуы міндетті. Сонымен қатар, ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуына нотариалды куәландырылған өтініш-келісімін қоса ұсынуы қажет. Куәліктің жарамдылық мерзімі 10 жыл.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»