НҰСҚАУЛЫҚ: ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУ

PHOTO-2022-06-21-17-31-19.jpg

Жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталып қалды ма? Келесі нұсқаулық бойынша әрекет етсеңіз чектің көшірмесін, нарко- және псих-диспансерлердің анықтамасын, басқа да құжаттарды жинап, автоХҚО-ға барып әуре болмайсыз. 1. Еgov.kz порталында кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен өзіңізге қажетті  «Жүргізуші куәліктерін беру» опциясын таңдаңыз және онлайн тапсырыс беріңіз; 2. Егер айыппұлдарыңыз болса, алдын ала төлеп қойыңыз; 3. Дайын құжатты алып кетуге ыңғайлы автоХҚО-ны таңдаңыз; 4. Қан тобыңызды көрсетіңіз; 5. Белгілі үлгіде түсірілген фотоңызды жүктеңіз; 6. Ақ қағазға қол қойып, қолтаңбаның фотосын жүктеңіз; 7. Куәлігіңізде, мысалы көзілдірік секілді ерекше белгілер болса көрсетіңіз. Телефон нөміріңізді жазып, өтінішке ЭЦП арқылы қол қойыңыз; 8. 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеңіз; 9. Құжаттың дайн болғаны туралы sms келген соң, автоХҚО-ға барып алып кетесіз. Жеке куәлік және ескі жүргізуші куәлігіңізді ұмытпаңыз.





Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада