Жасөспірімге алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады

Еліміздің ХҚО бөлімдері жұмысына қатысты жиі қойылатын сұрақтардың біріне жауап берейік.     ҚР Заңы бойынша қазақстандықтар 16 жасқа толғанда өзінің алғашқы жеке куәлігін алуы тиіс. Біз оны ресімдеу жолдарын бүгінгі материалда қарастырамыз.     Жеке куәлікті ресімдеу үшін ата-анасының бірі мен жасөспірімнің өзі ХҚО-ға жүгінеді. Өзімен бірге үш құжат болуы қажет: жасөспірімнің туу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің жеке куәлігі, 0,2 АЕК (636 теңге) құрайтын мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. Болған жағдайда паспортты да қосымша ұсыну керек.     Құжатты ресімдеу кезінде баланың өзі болуы міндетті. Сонымен қатар, ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуына нотариалды куәландырылған өтініш-келісімін қоса ұсынуы қажет.                                                                              Куәліктің жарамдылық мерзімі 10 жыл.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада