ХҚКО-да көрсетілетін қызметтер қолжетімді бола түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді. Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б. Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚКО-да алуға болады. Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚКО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»