БЕЙНЕТТІҢ ДЕ ЗЕЙНЕТІН КӨРЕТІН КҮН ЖАҚЫН ҚАЛДЫ


1 қыркүйекте-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Оның негізгі бөлігі- елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Бұл Жолдаудың мәні айрықша. Мемлекет басшысының қабылдаған реформалары көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Жолдау халық үніне құлақ асатын Жаңа Қазақстан құрылып жатқандығын байқатты. Мен өзім зейнет жасына жақын қалған адам болғандықтан, халықтың талап-тілегін ескере отырып әйел адамдардың зейнет жасын 61 жас деңгейінде қалдыру туралы шешімі көңіліме қуаныш ұялатты.

Әйел затының қоғамда арқалар жүгі өте ауыр. Отбасы, бала күтімі, мұнымен қоса жұмысы бар. Міне, осының бәрі әйел адамның мойнында. Қолдан күш кетіп, бойдан жігер кеткен шақта кімде болсын бейнеттің зейнетін көргісі-ақ келеді екен. Мемлекет басшысының осы зейнет жасына тоқтала өткені қуантарлық жәйт болды.

Сонымен қатар ең төменгі  жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешімі де  менің көңілімнен шықты деп айта аламын. Жаңа сипаттағы Жолдауға зор сенім білдіремін әрі  Мемлекет басшысының Жолдауын бірауыздан қолдаймын!

 

Жанаркүл ТАЗАБЕКОВА, Бақанас ауылының тұрғыны.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада