МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНА БАРДЫ

7ca47560-3aaf-46d7-8b41-9c545ea5d6ba.jpg

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін арнайы Жаңаөзен «Білім-Инновация» лицей-интернатына табан тіреді. «Әлемнің кез келген еліндегі мұғалім әрқашан құрметті, және мәртебесі биік мамандық. Өйткені ол балаларға, яғни болашаққа білім беретін адам. Мен өзім мұғалім, профессормын. Сондықтан  бұл жұмыстың қаншалықты қиын да қызықты болатынын білемін», - деді М.Қажыкен.

Мұғалімдер үміткермен білім берудегі жалақыны көтермей жүктемені ұлғайту, сыбайлас жемқорлық, тұрғын үй алу сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Мейрам Қажыкен өз бағдарламасының әлеуметтік бөлімінде мұқтаж жас маман-дарға, тұрғын үй сатып алуға қаражаты жеткіліксіз отбасыларға және халықтың басқа да топтарына тұрғын үй беру жоспары жазылғанын айтты.

«Менің ұстанымым мынада: Жергілікті органдар көппәтерлі үй салу үшін мердігер компанияға  жер учаскесін береді. Сондықтан  құрылыс салушы тұрғын үйдің 15% - на дейін мемлекетке бөлуі керек. Яғни, әкімдіктер тұрғын-үйден пәтерлер алады. Оны кезекте тұрғандарға береді», - деді кандидат өз сөзінде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада