ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ «DANMARD» ЖШС-НЕ БАРДЫ

594b6e4b-6ade-42d8-9f8e-3d2bf8b8a9e1 (1).jpg


«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәселелерін талқылады.«DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кәсіпорын бүгінде өз өндірісін дамытуда және жетілдіруде. «Елімізде жеңіл өнеркәсіп, онымен айналысатын жеке бөлім жоқ. Бұл үлкен қателік. Экономиканың осы саласын жандандыру және дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін үлкен көлемде сатып ала алатын ҚТЖ-ның бүйрегі импортқа бұрып тұрады. Нарықтық экономиканың өз заңдылығы бар, түсінеміз, бірақ бізде отандық өнеркәсіп басымдыққа ие болуы керек. Сондықтан мен барлық қазақстандықты өз өнімдерімізді қолдауға шақырамын», – деді кандидат.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асуда
  • Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді
  • ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – АУДАННЫҢ КӨРКІ
  • В ИЛИЙСКОМ РАЙОНЕ ОБСУДИЛИ ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ, ОБОЗНАЧЕННЫЕ В ПОСЛАНИИ ПРЕЗИДЕНТА
  • Международные рейтинги высоко оценивают цифровой Казахстан: как курс Токаева отражается на готовност