БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ТАЛАПҚА САЙ ӨТУДЕ

ту.jpg


Балқаш ауданының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр. Таң бозынан басталған саяси науқан барлық талапқа сай өтуде.

Балқаш аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Данияр Әбдірахмановтың айтуынша, ауданда 22 сайлау учаскесі бар. Бұл учаскеде 18560 адам тіркелген.

Мәселен, Сайран Нұрайдаров есімді зейнеткер № 101 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. «Бүгін, міне, барша Қазақстан халқының көптен күткен сайлау күні келіп жетті. Таңмен таласа тұрып, мен де ел қатарлы өзімнің дауыс беретін сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Мен үшін бұл сайлаудың орны бөлек. Өйткені, еліміз әлемде болып жатқан келеңсіз жағдайларға қарсы тұрып, Әділетті, Жаңа Қазақстанның құрылуына, еліміздің болашағының жарқын болуына мол мүмкіндік туғызады», – деді зейнеткер. Сондай-ақ, ол еліміздің жаңа бастамаларға қадам басатынына сенім артты.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
  • Құрылтай-қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтады
  • “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
  • Жаңа Конституция
  • Меншікті қорғау-әр азаматтың міндеті