Қаңтар қасіреті жүрегімізде

4978e4f9-8081-43b1-9568-0a8ff54f55cd.jpg

Осыдан бір жыл бұрын ел тыныштығын бұзған Қаңтар оқиғасына байланысты біраз жайттарды Мәжілістің жалпы отырысында еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов егжей-тегжейлі айтып өтті.

Бас прокурор өз сөзінде оқиғаның қалай өрбігенін, қылмыстық істің басында кімдер болғанын, мемлекетке опасыздық жасаған құзырлы органдардың басшыларына қатысты сот ісі әлі де жалғасып жатқанын тілге тиек етті.

Осында айтылған деректер мен дәйектерге сүйенсек,сол сәттерде елдің ертеңіне қаншалықты қауіп-қатер төнгенін аңғарасың.

Күрделі де қиын шақтарды еңсеруде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салмақты да салиқалы шешімінің арқасында егеменді еліміздің  тәуелсіздігі сақталды деп нық сеніммен  айта аламыз.

Қаңтар қасіреті тарих бетінде айқындалып қалатыны ақиқат. Біз бірақ сол оқиғадан,  әп-сәтте Тәуелсіздік атты тәтті ұғымнан ажырап қалуға болатыннан сабақ алып, одан қорытынды шығаруымыз керек-ақ.

Тәуелсіздігіміз  баянды болып, әділетті Жаңа Қазақстанды құру жолындағы іс-қимылымызды жалғастыра түсеміз.

 Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Балқаш өңірі" газетінің жауапты хатшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ