Келісімшарт бойынша әскери қызмет

Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне сарбаз және сержант, офицер құрамының бос лауазымдарына келісім шарт бойынша әскери қызметке азаматтарды қабылдайтынын хабарлайды.

Бұл әскери қызметтің басымдықтары, яғни жалақы төленуі және әскери  атағына лауазымына сәйкес 100 000 теңгеден 220 000 теңгеге дейін қарастырылған. Сонымен қатар әскери қызметшіге мемлекет есебінен тұрғын үй болмаған жағдайда тұрғын үйді жалдауға арналған ақшалай төлемақы төленеді. Бұл жерде төлемақы мөлшері отбасы мүшелерінің санына байланысты 32 094 теңгеден төленеді. Әскери қызметшілер мемлекет есебінен тегін әскери медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Жасы 19-30 аралығында(сарбаз және сержант), 21-29 аралығында офицерлер құрамы, оның ішінде мерзімді әскери қызметті өткерген, және әскери техникалық  мектебін бітірген азаматтар болу керек.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласу қажет. Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Бақанас ауылы Қонаев көшесі №35 тел:8(72773)91-4-69

Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада