ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ab7dba9f-f4b4-438a-82df-c841b2c42ddc.jpg

Қаңтар айының 26-30 күндері аралығында Талғар қаласында   2010-2011 жылдары туылған  жасөспірімдер арасында баскетболдан Алматы облысының чемпионаты болып өтті. 

Байрақты бәсекеге  аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  ұлдар және қыздар командасы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.  Аудан намысын қорғап, абыройымызды асқақтатқан балғын баскетболшылар ойын барысында 8 командалар арасында өнер көрсетіп, ұлдар және қыздар командасы жүлделі  ІІІ-ші орындарды еншіледі.

Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаз командалар мен үздік спортшыларға құрмет көрсетіліп,  ауданның   намысын қорғаған спортшы Дәуіржанұлы Санжар мен қыздар командасының ойыншысы Әбілқадір Мадина «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Спортпен шұғылдану-адам денсаулығына пайдалы. Ал бас-кетбол ойыны адамдардың дене күшінің дамуына ерекше әсер етеді. Өйткені ойын барысында спортшы лақтыру, секіру, жүгіру қимылдарын жасау арқылы тыныс алу жүйесі ашылып, адам бойындағы төзімділікті арттырады.

Жасөспірімдердің спортпен айналысуы денсаулықтарының жақсы болып ержетуіне әсері мол. Байрақты бәсекелерде жүл-делі орыннан көрінуі  аудан абыройы.

Осындай жас спортшылардың алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне берсін деген тілектеміз.

                                                                                                                                             Күмісбек ЕРБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада