Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

МҰҚАҒАЛИ - МӘҢГІЛІК ЖЫР

balqash 2023-02-13

IMG-20230208-WA0252.jpg

Қазақ поэзиясының көгінде  жұлдыздай жарқыраған,  Хантәңіріндей   асқақ  тұлға, ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен осы аптаның сейсенбісі күні «Мұқағали – мәңгілік жыр»  атты жыр байқауы өткізілді.   Шараға  ереженің шартына сәйкес әр ауылдан 13- 17 жас аралығындағы үміткерлер, жырсүйер оқырмандар, аудан кітапханашылары  қатысты. 

Аталмыш байқауға аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің  бас маманы Сәлімжанова Гүлзат Мәметнұрқызы, Алматы облысы мемлекеттік архивінің Балқаш аудандық филиалының директоры Айнақұлова Ақтоты Мұхтарханқызы, аудандық кітап-хананың директоры Қапсаланова Нүрия Тайыпқызы төрелік етті.

Байқаудың алғашқы кезеңі  бойынша  үміткерлер «Өзіме өзім айтам өз жайымды» тақырыбында өздерін таныстырды. Ал екінші кезеңінде «Поэзия-жүрек тілі» кезеңі бойынша  үміткерлер Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін көркемдеп, мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар үшінші кезеңінде «Жыр эстафетасы» бойынша қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек!» атты поэмаларынан үзіндінілерді жатқа оқып және сахналық көрініс көрсетті.              

Аталмыш кезеңдер бойынша қатысушылар өзара бақ сынасып, әділқазылар алқасының шешімі бойынша дарындылығымен, мәнерлеп оқу шеберлігімен, зеректілігімен көзге түскен жас оқырмандар байқау жеңімпаздары атанып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдеге желтораң-ғылық Бақытбек Жанетта лайық деп танылса, бақбақтылық  Ерболған Махаббат  жүлделі І-ші орынды, ақкөлдік Ақжан Маратқызы жүлделі ІІ-ші орынды, ал Бақанас мектеп-интернатынан қатысқан  Қаратай Мұхамеджан мен балатопарлық Төлеу Айсана ІІІ-ші орынды иеленді. Өзге қатысушылар да Алғыс хатпен марапатталды. Байқау жеңімпаздарының марапаттау рәсімін аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің  бас маманы Гүлзат Мәметнұрқызы мен аудандық кітапхананың директоры Нүрия Тайыпқызы жүргізіп, жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, шара барысында «Қайран, Қарасазым - ай» атты слайд-шолу ұсынылса, аудандық кітапхананың кітап-ханашысы Сайлау Абылдаева ақынның шығармашылығына арналған «Сарқылмас мәңгі жыр кені» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, әдеби мұрасымен таныстырды.

Шараны жүргізген аудандық кітапхананың кітапханашысы Қаракөз Жұмаділова ақиық  ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған өлең байқауын аяқтай келе, ақынның ақындығы атақта емес, ақынның  ақындығы арда ғана, - деп, арым – өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың халқына «бірге туған жан дүниесі» мәңгі өшпес өлеңдерін қалдыра білгенін айта келіп, қатысушыларға ризашылығын білдіріп, шараны қорытындылады.

Дарабоз ақынның әдеби мұрасы арқылы  поэзия құдіретін таныту, ақын шығармаларының идеялық–көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді жатқа мәнерлеп оқуға дағдыландыру; ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу, жас оқырмандарды шығармашылыққа, ізденімпаз-дыққа, мәнерлеп жатқа оқу шеберлігіне  баулу осы іс-шараның негізгі мақсаты болды.

 

                                                                                                       Алтынай СЫМЫЛТЫРОВА, аудан-дық кітапхананың әдіскері.                                                                               


Жарнама орны (6)
<< ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Заң және тәртіп» іс жүзінде: Алматы облысының әлеуметтік саласындағы жемқорлықтың алдын алу
  • «Закон и порядок» в действии: профилактика коррупции в социальной сфере Алматинской области
  • «Құрбан айт» мерекесіне орай облыс аумағындағы құрбан шалуға белгіленген орындар тізімі
  • «Таза Қазақстан»: в Алматинской области в акции «Чистый берег-чистая река» приняли участие более 100
  • «Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 04-06-25/14:42 «Заң және тәртіп» іс жүзінде: Алматы облысының әлеуметтік саласындағы жемқорлықтың алдын алу
    • 04-06-25/14:40 «Закон и порядок» в действии: профилактика коррупции в социальной сфере Алматинской области
    • 03-06-25/15:16 «Құрбан айт» мерекесіне орай облыс аумағындағы құрбан шалуға белгіленген орындар тізімі
    • 03-06-25/15:13 «Таза Қазақстан»: в Алматинской области в акции «Чистый берег-чистая река» приняли участие более 100
    • 03-06-25/12:52 «Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты
    • 03-06-25/12:44 Заң және тәртіп болашақтың негізі ретінде
    • 03-06-25/12:39 Закон и порядок как основа будущего
    • 02-06-25/12:42 Влияние технологий: антимонопольный контроль на цифровых рынках Алматинской области
    • 02-06-25/12:38 «SAQTAN» Жастарды сақтайық – болашақты қорғайық!
    • 30-05-25/18:14 КҮРІШ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫ
    • 30-05-25/18:09 ТҮЛЕКТЕР АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІНЕ ТАМАША ТАРТУ ЖАСАДЫ
    • 29-05-25/18:31 Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар
    • 28-05-25/20:25 Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
    • 27-05-25/20:25 2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді
    • 27-05-25/19:41 КАЗАХСТАН УСКОРЯЕТ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: АНАЛИЗИРУЕМ ПОКАЗАТЕЛИ С НАЧАЛА ГОДА
    • 27-05-25/13:31 Алматы облысында балалардың саулығын қолдауға арналған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде
    • 26-05-25/18:58 Алматы облысында балалардың саулығын қолдауға арналған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде
    • 26-05-25/18:56 Қазақстан мен Қытай іскерлік байланыстарды нығайтуда
    • 26-05-25/15:28 «Бірге ме, бөлек пе?» – орфографияны меңгерудің жаңа үлгісі
    • 26-05-25/15:07 МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс