МҰҚАҒАЛИ АЛЫП ШЫҢ

9 ақпан - «Хантәңірдің мұзбалағы» атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Қазақ поэзиясының қара нары атанған ақынның туған күні қарсаңында республика көлемінде сан түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналғалы қашан. Саналы ғұмырын өлеңмен өрнектеп, ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ақынның қаламынан туған жыр-дастандарын ел-жұрты еш уақытта ұмытпайды деп білеміз.

Редакция.

 

Тоқсан екі ақпан қыс     қайта соққан,

Мұқаңды көңілге сап ойлап  отқам.

"Ақиықтың" айта алмай  мұң мен шерін,

Сезініп сол кейіппен мұңға батқам.

 

Не болған жыр сүлейі                жапа шеккен?

Мәнді ме қиындықпен өмір  өткен.

Әйтеуір сол мұңдардың арасынан,

«Жыр» деген өлмейтұғын дәнді сепкен.

 

«Хантәңірдің» шың басын ақ қар басқан,

Ақын жолы сол шыңдай өмір-дастан.

Түсінер деп білемін сезінгендер,

Асау аттай сезімді алып қашқан.

 

Бітпес арман, өкіну қатар жүрген!

Төккені жыр толқынын көмей келген.

Сол мұңына сүйеніп қайран  Мұқа?!

Қыл қаламы серігі жаза берген.

 

Не жазбады, ойында қалды  нелер?

Ақтарды пәк ойларын асып кемер.

Сондықтан дарасың сен тас мүсіндей,

Жырлайды сені ұрпақ әлі келер. 

 

Ақпандай ақ түтек боп жыр шайқадың,                            

 Күрсінсеңде жырыңмен сен марқайдың.

Туған жердің әр тасын жырға қостың,

Төгілтіп мен өзіңдей жаза алмаймын.

 

Сен жазған биік тауға шыққан жоқпын,

Келемін арасында қалын топтың.

Айналайын! Мұқағали ағатай—ау!

Қарасазға шынымен  барған жоқпын.

 

Еске алдым ақын көңіл қия алмадым,

Өзімше жыр жазбақ боп қиялдадым.

Ұшырам Қарасазға ниетімді,

Сезгендей Мұқағали көп  арманын.

 

Сердалы Сабырұлы, зейнеткер.

Ақдала ауылы.           


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»