БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

0c1787a4-f444-4951-95a3-1102b8270226.jpg

Қауіпті жұмыс істейтіндерді 55 жастан зейнетке шығару керек

9 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ұжымымен кездесті.

Партия өкілі  еңбек ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

– Біздің партия бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайын назарда ұстайды. Өзекті мәселелерді Үкіметке жеткізіп қана қоймай, оның шешілуіне ықпал етеді. Жаңа Қазақстанға жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет, – деді Балжан Досмұхамбетова.

Сөз арасында ол Денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерді де тілге тиек етті.

– Медицина саласында білікті маман тапшы. Халық Дамумедке тіркелу мен дәрігердің қабылдауына жазылуда кедергі көп екенін айтады. Ал МӘМС жобасы үмітті мүлде ақтамады, – деді ол.

Сондай-ақ спикер Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайтынын тілге тиек етті. Сонымен қатар  ол  ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыста істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару маңызды екенін жеткізді.

 – Бұл мәселенің шешімі бірнеше қиындықтың алдын алады. Атап айтқанда, кәсіби және басқа аурулардың, сондай-ақ өндірістік жарақаттардың пайда болу қаупін азайтады, – деді партия өкілі.

 

 

ҚХП Баспасөз орталығы

Байланыс телефоны:

8707 538 30 72

8701 710 32 58

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»