Дүкен атауы бар белгілер үшін төлемдер меншік иелерінен алынды

Алматы облысында 900-ге жуық кәсіпкер өз бизнесінің сыртқы жарнамасын орналастырғаны үшін бюджетке ай сайынғы төлемді жүзеге асырады.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жергілікті атқарушы органдардың төлемдерді дұрыс алмау фактілерін анықтады.

«Жарнама туралы» Заңның 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес, маңдайшалар сыртқы жарнамаға жатпайды және төлемдергеде жатпайды.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар маңдайшалары бар бизнес субъектілерін әлеуетті төлеушілер тізіміне енгізген және фискалдық органдарға жіберген. 65 кәсіпкерге қатысты осындай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Антикор жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік кірістер органдарының салық салуға жататын объектілердің тізімдерін өзектендіру үшін дерекқорды интеграциялау және осы мәселеге бекітілген мамандардың жауапкершілігін қарастыру қажеттілігіне назар аударды


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асуда
  • Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді
  • ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – АУДАННЫҢ КӨРКІ
  • В ИЛИЙСКОМ РАЙОНЕ ОБСУДИЛИ ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ, ОБОЗНАЧЕННЫЕ В ПОСЛАНИИ ПРЕЗИДЕНТА
  • Международные рейтинги высоко оценивают цифровой Казахстан: как курс Токаева отражается на готовност