РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

e38c8ff1-1d47-4981-a4b9-c6ab59713587.jpg 

Спортпен шұғылдану - жасөспірімдердің болашағы үшін өте маңызды. Өйткені спортпен тұрақты шұғылданған жеткіншектің дене бітімі ерекше болып қалыптасады. Ал спорттық сайыстарда жүлделі болған спортшы өзінің туған жерінің мақтанышы болады.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде аудан жастарының  спорттың бірнеше түрімен  айналысуына барынша жағдай жасалған. Соның бірі каратэ спорты. Аталмыш спорт түрімен айналысатын аудан жастары  әлемдік, республикалық жарыстарда үнемі жеңіс тұғырынан көрініп аудан абыройын асқақтатуда. 

Жақын күндері аудан каратэшілері Шымкент қаласында өткезілген каратэден (WKF) жасөс-пірімдер арасындағы Қазақстан Респу-бликасының чемпионатына қатысып, жүлдемен оралды.

Аталмыш спорт-тық сайысқа Астана, Алматы және Шымкент қалаларымен республика бойынша 14 облыстан 700 спортшылар қатысып, өзара сал-мақ дәрежелері бойынша сынға түсті.

Байрақты бәсе-кені қорытын-дылай келгенде Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Айтолқын Думанова мен Айсәуле Келгентай және М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің спортшысы Ермек Нұрлыбек алтыннан алқа тағып, өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.

Ал Ақдала орта мектебінің спортшысы Салтанат Жанет пен спорт мектебінің оқушысы Темірлан Ибрагимов ІІ-ші орынға табан тіреді. 

 

Жас спортшылардың осындай биік белесті бағындыруына аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары- Берік Ақбергенов, Бақтияр Тілеубай және Ернұр Баққожаның сіңірген еңбектері сүбелі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов аудан тұрғындарын сенбілікке шақырды
  • Казахстан стал лучшей страной Центральной Азии для переезда
  • Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтойме
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдық мерейтойына орай марапатталған сала қызметкерлері
  • ҚР Ұлттық архивінің 20 жылдығына орай архив саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқ