«ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ»

1e3cc358-7185-4f3c-9b1d-be082cadd166.jpg

Елімізде  2021 жылы қазақ аналарын біріктіру арқылы жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтармен дәстүрді сақ-тай отырып,заманауи үлгіде өмір салтымызға енгізуді дә-ріптеу мақсатында «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бір-лестігі құрылып, қоғамдық бірлестіктің құрамындағы бірлестік мүшелерінің санын көбейту, қазақ аналарының ұлттық құндылықтар, салт-дәс-түр туралы білімдерін арттыра түсу бағытындағы жоспарлы жұмыстар жарасымды жалғасын табуда.

Бүгінде Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ашылған «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдары мен бөлімшелер саны  күнен-күнге артып келеді. Алматы облысы бойынша Жамбыл, Еңбекшіқазақ,Іле, Қарасай және Шаңырақ-1 ықшам аудандарында, Өтеген Батыр кенті, Шиелі, Жамбыл мұражайы, Келді, Үштерек, Еңбекші, Әйтей, Ынтымақ, Шеңкелді, Байсерке, Қараой, Чапай ауылдарында ашылды.

Өткен аптада Балқаш ауданында да «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы құрылды. Филиалдың ашылу жиынына республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымы – Айнұр Жүгінісова, кеңесшісі Зәмзәгүл Мұқанова ханымдар мен бірлестіктің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша төрайымы – Дәулет Ләйле Ноғайқызы және ауданға қарасты әр ауылдағы аналар кеңесінің мүшелері  қатысты.

Балқаш аудандық филиалы-ның төрайымдығына ұлағатты ана, дәрігер Дина  Әзімшайықова тағайындалды.

 

Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асуда
  • Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді
  • ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – АУДАННЫҢ КӨРКІ
  • В ИЛИЙСКОМ РАЙОНЕ ОБСУДИЛИ ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ, ОБОЗНАЧЕННЫЕ В ПОСЛАНИИ ПРЕЗИДЕНТА
  • Международные рейтинги высоко оценивают цифровой Казахстан: как курс Токаева отражается на готовност