БАСКЕТБОЛШЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

47358376-96a5-4f56-ab17-4f21f67baccb.jpg

Жақында Қонаев қаласында жасөспірімдер арасында баскетболдан облыстық чемпионат болып өтті. Облыс орталығында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  қыздар командасы қатысып, ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жүлдемен оралды.

Облыс көлемінде бақ сынаған  8 команда арасында ІІІ-ші орынды еншілеген жерлестеріміздің осындай жетістікке жетуіне сүбелі үлесін қосқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  жаттықтырушысы Елдар Елгелдінің сіңірген еңбегі  екені жасырын емес.

Байрақты бәсекені қорытындылай келгенде команданың ойыншысы Аружан Саин «үздік ойыншы» атанып, марапатталды.  

Аудан намысын қорғап, облыстық бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінген  нәзікжанды аруларымыздың бұл алғашқы жеңісі емес. Аудандық спорт мектебінің баскетболшылары осыған дейін де бірнеше байрақты бәсекелерде топ жарып, аудан абыройын асқақтатқан еді.

Спорттың қай саласы болсын, аудан спортшыларының әрбір жеткен жетістігі біз үшін мақтаныш. Бүгінгі жасөспірім-дердің спортпен тұрақты айналысып,  салауатты өмір салтына бейімделулері мақтанарлық жағдай. Өйткені олар болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп, әлемдік бәсекелерде тәуелсіз мемлекетіміздің абыройын асқақтатады деген үлкен сенім бар.

                                                                                

  Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ