АНА ТІЛІМІЗДІҢ КЕЛЕШЕГІ ЖАРҚЫН

4b4f3167-3c67-4684-83b5-22d58a79d0f9.jpg

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, Балқаш аудандық «Балқаш өңірі» газетінің жауапты хатшысы, тіл жанашыры.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының басшысын қабылдағанда өте өзекті мәселелерді көтерді.

Солардың бірі-қазаққа тән төл дыбыстау жүйесінің бұзылып бара жатқандығы. Мен тіл жанашыры ретінде бұл дер кезінде көтеріліп отырған дабыл деп есептеймін.

Сондай-ақ, кейінгі жылдары тіл тазалығы бұзылып бара жатқандығы да ешкімге жасырын емес. Президентіміз осы жағдайларды мысал ретінде келтіре отырып, латын карпіне көшерде мұны да ескеру қажеттігін айтқаны менің көкейімді көптен бері мазалап жүрген  дүниелердің үстін дөп басты. Осы кездесуде ана тіліміздің тағдыры мен келешегі жөнінде түйіні тарқатылған мәселелерді қос-қолдап қолдаймын.

Ана тіліміздің жарқын келешегі Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай бүгіннен басталуы керек. Өйткені оның тағдыры Сіз бен бізге тікелей байланысты болмақ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ